Тербелістер, деформациялар және үлкен күш әсерлері кейде ғимараттарда өте маңызды реакциялар тудырады. MAURER сейсмооқшаулағыштары осы әсерлердің жарамсыз салдарының болмауына кепілдік береді. Өнімімізді сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін біз өндіріс процесінде жоғары дәлдікке, үздіксіз бақылауға, сондай-ақ мемлекеттік сынақ мекемелерімен бірлескен жұмысқа (ҚазҒЗИСА) ерекше мән береміз.
MAURER сейсмооқшаулағыштары тік және көлденең жүктемелерді қабылдап жеткізеді және тіреу торабының бұрылу мүмкіндігін, сондай-ақ қажет жерде салыстырмалы ығысуларды қамтамасыз етеді. Сейсмикалық қорғаудың ең тиімді тәсілі — оқшаулау мен энергияны шашырату тұжырымдамаларын, сейсмикалық энергияны жылулық және үйкеліс энергиясына айналдыруды үйлестіру.
MAURER оқшаулағыштары ғимаратты іргетасынан тиімді динамикалық оқшаулауға мүмкіндік береді. Бұл сейсмикалық әсерлер нәтижесінде ғимараттың зақымдалуына жол бермейді. MAURER оқшаулағыштары конструкциясы арқасында төрт негізгі талапты оңтайлы орындайды: тік жүктемелерді қабылдау, көлденең бағытта жылжымалылық, көлденең жазықтықта өзін өзі орталықтандыру және энергияны тиімді шашырату.
01 түрі
Қорғасын өзегі бар эластомерлік сейсмооқшаулағыштар: MLRB

Қорғасын өзегі бар сейсмооқшаулағыштар MAURER (MLRB, MAURER Lead Rubber Bearing) — қарапайым эластомерлік оқшаулағыштармен олардың ішіне орнатылған қорғасын цилиндрлерінің (өзектер) комбинациясы болып табылатын сейсмикалық қорғаушы тіреуіш бөліктер.
Эластомерлік тіреуіш бөлік негізінен тіреу және өзін өзі орталықтандыру функцияларын орындаса, қорғасын өзек жер сілкінісі кезінде тиімді энергия жұтқыш қызметін атқарады. Осы себептен бұл тіреуіш бөліктер үшін гистерезис қисығы графигі қорғасын өзекке байланысты айтарлықтай үлкен аудан мен көлденең реактивті күш түзеді — қарапайым эластомерлік тіреуіш бөліктерге қарағанда.
MAURER қорғасын өзекті тіреуіш бөліктер өнеркәсіптік-азаматтық құрылыста кеңінен қолданылады.
02 түрі
Эластомерлік сейсмооқшаулағыштар: MLDRB және МHDRB

MAURER MLDRB және МHDRB эластомерлік тіреуіш бөліктер сейсмооқшаулағыш болып табылады және бір мезгілде ғимараттарға арналған қарапайым тіреуіш бөліктердің қасиеттерін иеленеді. Олар көлденең ығысу кезінде жақсы өзін өзі орталықтандырумен ерекшеленеді. Жер сілкінісі кезінде ғимарат конструкциясын іргетасынан динамикалық оқшаулайды.
Талаптарға байланысты бізде төмен (MLDRB, MAURER Low Damping Rubber Bearing) және жоғары демпферлеуі бар (MHDRB, MAURER High Damping Rubber Bearing) эластомерлік қоспалар қолжетімді.
Төмен демпферлі эластомерлік оқшаулағыштар болат пластиналар арқылы өзара жалғанған бірнеше арнайы эластомер қабаттарынан тұрады. Оқшаулағыштар тік жүктемені жеткізе отырып, бір мезгілде эластомер биіктігі мен жылжу модуліне байланысты бұрылу мен өзін өзі орталықтандыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жылжу модулі талаптарға байланысты 0,6-дан 1,2 Н/мм² дейінгі диапазонда болады.
Жоғары демпферлі эластомерлік оқшаулағыштар жоғары демпферлеу қасиеттері бар эластомерден тұрады. Жоғары демпферлеуші резеңке эластомер молекулалары мен толтырғыш арасында үлкен жанасу ауданына ие, бұл 10%-дан 20%-ға дейін жоғары демпферлеу көрсеткіштеріне және гистерезис графигінің үлкен ауданына алып келеді.
03 түрі
Жазық сырғанау элементтері

MAURER жазық сырғанау элементтері ғимараттар үшін тіреуіш бөліктер қызметін атқарады және энергияны шашырату кезінде арнайы қасиеттерге ие. Оларда майланған немесе майланбаған MSM® сырғанау материалын қолдану кең ауқымды үйкеліс коэффициенттерінен таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте жүктеме есептік комбинациясына арналған сырғанау тіреуіш бөліктерге нормалар қоятын барлық талаптар орындалады.
Жазық сырғанау тіреуіш бөліктер маятниктік сырғанау тіреуіш бөліктерінен айырмашылығы өзін өзі орталықтандыра алмайды, сондықтан сейсмооқшаулағыш ретінде MARTI сияқты өзін өзі орталықтандыратын элементпен бірге қолданылуы керек.
MAURER жазық сырғанау элементтері мен жазық-айналмалы сырғанау тіреуіш бөліктері өзін өзі орталықтандыратын құрылғылармен бірге көпір салу және өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс үшін тамаша оқшаулағыштар болып табылады. Өзін өзі орталықтандырусыз мұндай жазық сырғанау элементтері көлденең ығысуларға мүмкіндік беретін бір жазық сырғанау бетіне ие. Энергияны шашырату MSM® мен тот баспайтын болаттан жасалған сырғанау парағы арасындағы үйкеліс есебінен жүзеге асырылады.
04 түрі
Сфералық маятниктік сейсмооқшаулағыштар

MAURER маятниктік сырғанау тіреуіш бөліктері сфералық тіреуіш бөліктің барлық артықшылықтарына ие. Өзін өзі орталықтандыру негізгі сырғанау бетінің қисық пішіні арқасында маятник принципі бойынша жүзеге асырылады. Энергия сырғанау беттерінің арасындағы үйкеліс есебінен шашырайды. Оларда майланған немесе майланбаған MSM® сырғанау материалын қолдану 1%-дан 7%-ға дейін кең ауқымды үйкеліс коэффициенттерінен таңдауға мүмкіндік береді.
Маятниктік тіреуіш бөліктердің конструкциясы үйкеліс коэффициенттерін, маятник ұзындығы мен тіреуіш бөліктегі ығысуларды вариациялау арқылы тапсырысшының техникалық шарттары негізінде жеке жасалады. Маятниктік сырғанау тіреуіш бөліктер 25 000 т массаға сәйкес 250 МН және одан жоғары тік жүктемелерді қабылдай алады.
MAURER маятниктік сырғанау тіреуіш бөліктері пайдалану кезінде ешқандай техникалық күтімді қажет етпейді және 100 жыл және одан да көп уақыт пайдалануға есептелген. Жер сілкінісі кезінде MAURER маятниктік тіреуіш бөліктері ығысу кезінде соққысыз жедел іске қосылады, өйткені жабысу үйкелісі сырғанау үйкелісінен мүлдем болмашы ғана ерекшеленеді.
Жоғары демпферлеуге қол жеткізу үшін маятниктік сырғанау тіреуіш бөліктерін MAURER гидравликалық немесе гистерезистік демпферлермен бірге қолдануға болады. Потенциалдық энергияның бұл жинақталуы тіреуіш бөліктің өзін өзі орталықтандыру қабілетін туғызады.